Жас спортшыларымыз жүзуден ҚР Чемпионатынан 15 медаль жеңіп алды

22-24 ақпан аралығында Теміртау қаласында 2004 жылы туған және олардан кіші жастағы жасөспірімдер мен қыз балалар арасында жүзуден ҚР Чемпионаты өтті.
Жарысқа Қазақстанның облыстары мен қалаларынан 250-ден астам спортшылар қатысты.
Үш күнге созылған жарыста Диана Тасжанова мен София Абубакирова жоғары нәтиже көрсетіп, екі қызымыз 15 медальді еншіледі.
Чемпионаттың алғашқы күнінде Д.Тасжанова 100 м қашықтықта баттерфляй мен шалқалап жүзуден І орын, кроль әдісімен 50 м қашықтыққа жүзуден ІІ орынды жеңіп алған болатын. Ал, С.Абубакирова 200 м брасстан ІІ орынды, 400 метрге кешенді жүзуден І орынды иеленді. Аталған жарыстың келесі күнінде де Д.Тасжанова 3 алтын мен 2 күмісті, С.Абубакирова 2 күміс медальді еншілеп жүйріктік танытты. Жарыстың соңғы күні С.Абубакирова 50 м брасс бойынша мәреге екінші болып жетсе, 50 м шалқалап жүзу, 200 м баттерфляй, 400 м еркін стильде жүзуден Д.Тасжановаға теңесер спортшы болмады.
Жас спортшыларымыз жүзуден ҚР Чемпионатынан 15 медаль жеңіп алды
Жас спортшыларымыз жүзуден ҚР Чемпионатынан 15 медаль жеңіп алды
Жас спортшыларымыз жүзуден ҚР Чемпионатынан 15 медаль жеңіп алды
Жас спортшыларымыз жүзуден ҚР Чемпионатынан 15 медаль жеңіп алды
0
Добавлено: 1-03-2018, 18:39
0
162

Похожие публикации


Добавить комментарий

  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry

Наверх