«Достық» су спорты түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі

«Достық» су спорты түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі

«Достық» су спорты түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі 2013 жылдың желтоқсан айында облыс әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетовтың қатысуымен салтанатты жағдайда ашылды. Халықаралық деңгейге сәйкестендірілген су спорты орталығы облысымыздың ең ірі орталықтарының бірі.



2014 жылдың 23 маусым күні қаламызға іссапармен келген Елбасы Н.Ә.Назарбаев облыстың үздік спортшыларымен кездесіп, «Достық» су спорты орталығына жоғары баға берді.

Ғимаратта жаттығу залы, жүзуге жаттығу залы, хореография залы және жүзуден жарыстарды карауға арналған 300 орындық мінбе бар.
Ұзындығы 50 метр, тереңдігі 2- 3 метр бассейнде бүгінгі күні жүзуден облысымыздың құрама командаларымен қатар оқу жаттығу топтары жаттығады. Жүзуден құрама команда мүшелері республикалық чемпионаттар алдында осында оқу жаттығу жиындарын өткізіп отырады.

Оқу жылы барысында оқушылар спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық біріншіліктері мен чемпионаттарына қатысып отырады.

Көп ұзамай алғашқы нәтижелер де көріне бастады.Соның ішінде, Александр Тарабрин 2014 жылдың 11-16 маусым аралығында Швейцария Тенеро қаласында өткен әскери қызметкерлері арасындағы әлем чемпионатында ІІ орын алып, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Жыл бойы көрсеткен нәтижелері бойынша Тарабрин Александр «Қазақстанның №1 жүзушісі» атағын иелінді. «Достық» су спорты орталығы базасында жаттығатын облыс құрама командасының мүшелері Тарабрин Александр, Камзенов Алибек, Камзенов Айбек, Сабыр Алмат, Багандыков Астам,Назарова Диана 2014 жылдың 13-18 желтоқсан аралығында Теміртау қаласында өткен ҚР қысқы чемпионатында 4 алтын, 4 күміс,4 қола медальдар жеңіп алды.Бұл біздің командамыз үшін жақсы көрсеткіш. Осы чемпионатта көрсеткен нәтижесі бойынша Сабыр Алмат жүзуден ҚР ұлттық құрама командасы қатарына алынды.

Бүгінгі күні облыс құрама командасының мүшелері ҚР чемпионаттарына, ҚР Оқушылар Спартакиадасына дайындық үстінде.

2015 жылға арналған жүзуден ҚР спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес «Достық» су спорты орталығында республикалық деңгейдегі үш үлкен жарыс өткізіледі. Бұл - облысымызда жүзу спортын одан әрі дамыту және насихаттауға үлесін тигізеді деген сенімдеміз.
0
Добавлено: 19-01-2016, 15:14
0
937

Похожие публикации


Добавить комментарий

  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry

Наверх