«Достық» су спорты түрлері бойынша ОБЖСМ-нің Біріншілігі



2-3 мамыр күндері 2006, 2007, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013 жылдары туылған ер балалар мен қыздар арасында «Отан қорғаушылар күні» мен «Ұлы жеңіс күніне» арналған «Достық» су спорты түрлері бойынша ОБЖСМ-нің Біріншілігі өткізілді. 

Шараның ашылу салтанаты ҚР әнұранын шырқаудан басталып, «Достық» су спорты мектебінің директоры Серікбол Мұхитұлының алғы сөзімен жалғасты.



Аталмыш Біріншілікке жалпы саны оқушы қатысты. Оның қатарында Қобда ауданынан келген қатысушылар да бар. 


Жарыстың бағдарламасына сәйкес бірінші күні 2013, 2012, 2011, 2010 жылдары туылған қатысушылары, ал, екінші жарыс күнінде 2009, 2008, 2007, 2006 жылдарғы ер балалар мен қыздар сынға түсті. Олар 50м қашықтыққа баттерфляй, брасс, шалқалап жүзу, еркін стильде жүзу әдістері бойынша жарысты. 



Біріншіліктің соңында әр жүзу түрлерінің үздіктері медальдар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.

Бұл шараның мақсаты – облыс аумағында жүзуді насихаттау және дамыту, Отанға деген патриоттық тәрбие беру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нормативті орындау, оқушылардың техникалық білім деңгейін тексеру. 



Аталған біріншілік мектебімізде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.
0
Добавлено: 4-05-2019, 11:19
0
87

Похожие публикации


Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх