Нұр-Сұлтан қаласында өткен жүзуден ҚР Чемпионатында спортшыларымыз 6 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль мен 2 Кубок жеңіп алды



30 сәуір - 4 мамыр аралығында  Нұр-Сұлтан қаласында үшінші жас тобында жүзуден Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. 

Жарыста еліміздің барлық аймақтарынан 26 команда құрамында 400 үздік спортшы бәсекеге түсті. Қатысушылар 13-16 жастағы жасөспірімдер мен қыздар. 



Бұл чемпионатқа мектебіміздің бірқатар спортшылары да қатысқан болатын. Жарыс қорытындысы бойынша Тасжанова Диана – 50м, 100м, 200м қашықтыққа баттерфляй әдісімен, 200 метрге шалқалап жүзуден, 400м және 800 метрге еркін стильде жүзуден алтын медальдарды жеңіп алса, шалқалап жүзуден 50 метрді екінші болып жүзіп өтті.  Сонымен бірге, 100м баттерфляй, 800м мен 400м еркін жүзуде осы чемпионаттың рекордын орнатты. 



Ал, Васильев Кирилл – 200м қашықтыққа шалқалап жүзуден мәреге екінші болып жетіп, күміс медальді иемденді. 

Абдуллин Ерасыл  –  еркін стильмен 200 және 400 метрді кешенді жүзуде қола медаль еншіледі.

Сонымен қатар, Диана екі бірдей «Үздік дельфинист» пен «Үздік шалқалап жүзуші» Кубогына да ие болды.
0
Добавлено: 6-05-2019, 10:49
0
34

Похожие публикации


Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх