Жүзуден ҚР Ашық чемпионаты өтті

Ақтөбеде 14-17 сәуір аралығында жүзуден ҚР Ашық Чемпионаты өтті. Жарыстар 2021 жылғы ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін іріктеу нормативтерін орындау үшін ресми, біліктілік болып табылады.

Чемпионатқа ҚР облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Қырғызстан елінің құрама командалары  қатысты. Барлығы 17 команда, 187 спортшы. Оның ішінде 122 ерлер, 65 әйелдер.

Біріншілікте Ақтөбе облысынан 20 спортшы (11 ер, 9 әйел) бақ сынады. Олардың қатарында мектебіміздің жүзуден спортшылары ҚР спорт шеберлігіне үміткер Абдуллин Ерасыл, ҚР спорт шеберлері Коваленя Глеб, Назарова Диана, Тасжанова Диана да бар.

4 күнге созылған  біріншілікте «Достық» су спорты түрлері бойынша ОБЖСМ спортшылары төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:

Тасжанова Диана

50м баттерфляй 2 орын

100м баттерфляй 1 орын

200м баттерфляй 1 орын

Назарова Диана  

50м баттерфляй 3 орын

50м шалқалап жүзу  3 орын

Коваленя Глеб  

50м шалқалап жүзу  1 орын

100м шалқалап жүзу 2 орын

200м шалқалап жүзу 1 орын

Эстафета  4х100м еркін жүзу (әйелдер)

Ақтөбе облысы  2 орын

Эстафета  4х100м еркін жүзу  (ерлер)

Ақтөбе облысы  3 орын

Эстафета  4х50м кешенді (аралас)

Ақтөбе облысы  2 орын

Эстафета  4х200м еркін жүзу (ерлер)

Ақтөбе облысы  2 орын

Эстафета  4х100м кешенді (аралас)

2 орын Ақтөбе облысы

Эстафета  4х100м  кешенді (әйелдер)

Ақтөбе облысы 3 орын

Эстафета  4х100м кешенді (ерлер)

Ақтөбе облысы 1 орын

Чемпионаттың қорытындысы бойынша 30 медаль (12 алтын, 10 күміс, 8 қола) санымен Алматы қаласының құрамасы бірінші орында. 33 медальмен Ақтөбе облысының командасы екінші орынды иеленді. Ақтөбеліктердің қоржынында  10 алтын , 16 күміс, 7 қола медаль. Үшінші орында15 медальмен ( 5 алтын, 5 күміс, 5 қола) Түркістан облысының спортшылары.

Жарыс барлық санитарлық талаптарға сай көрерменсіз, жабық режимде өтекізілді.