Орталық туралы

  «Достық» су спорты түрлері бойынша облыстық балалар -жасөспірімдер спорт мектебі 2013 жылдың 28 желтоқсан күні салтанатты түрде ашылды.  Халықаралық деңгейге сәйкестендірілген су спорты орталығы республикамыздың ең ірі орталықтарының бірі. Халықаралық дәрежедегі спорттық және синхронды жүзу, су добынан жарыстар өткізуге арналған.

  Ғимаратта спорттық жүзуге арналған 10 жолақты ұзындығы 50 метр, тереңдігі 2 метр бассейн, жүзуге жаттығу залы, хореография залы және жүзуден жарыстарды қарауға арналаған 330 көрерменге мінбе бар. Бассейн бір мезетте 250 адам сыйдыра алады.

  Спорттық мектептің спорт түрелрінен алғашқы даярлық топтарына 6-8 жас аралығындағы ер балалар мен қыздар қабылданады. Оқу топтарына жазылу тамыз айында жүргізіледі. Іріктеуден өткен оқушылар спорттық топтарына қабылданады. Жаттығу сабақтары ақысыз жүргізіледі.

  Мектепте жүзу спорты, су добы, байдарка және каноэда есу, триатлон бөлімдері жұмыс жасайды.

  Жыл сайын мектеп базасында жүзуден, су добынан Қазақстан Республикасының чемпионаттары, жүзуден Қазақстан Республикасының Кубогы өткізіледі.  Оқу-жаттығу сабақтарынан тыс уақытта (сағ.12:00-14:00 және сағ.18:00-21:00) тұрғындарға жүзу бассейні мен жаттығу залының ақылы қызметтері көрсетіледі.

  Мекен-жайымыз: Ақтөбе қаласы, Батыс 2 ш.а., Мәңгілік ел, 6.