Бассейнде қызмет көрсету тәртібі

"Достық "Су спорты түрлері бойынша ОБЖСМ" КММ бассейнінде келушілерге сауықтыру қызметтерін көрсету тәртібі, қауіпсіздік техникасы ережелері

1. Жұмыс тәртібі және бассейнге  түсу  ұзақтығы

1.1. Бассейннің жұмыс тәртібін спорт мектебі  басшылығы бекітеді және  келушілер мен қонақтардың назарына әдеттегі тәртіппен жеткізіледі.

1.2. өндірістік  қажеттілікке байланысты спорт мектебінің ақылы қызметін пайдалану   ішінара немесе толық шектелуі мүмкін.

1.3. Бассейндегі уақыт ұзақтығы, оның ішінде киіну, душ қабылдау және жүзу 1 сағатты құрайды. 45 минут бассейнде  жүзу (келуші  кешікпей бассейнге  кірген жағдайда); 10 минут душ; 5 минут киініп, шешінетін бөлмеден  кету).

1.4. 15 минуттан артық кешіккен келуші  бассейнге жіберілмейді. Келесі  уақыттағы топпен кіргізіледі.

1.5. Келушілерге  белгіленген уақыттан кейін  (бассейн , жуынатын  бөлмесі, шешінетін бөлме) 10 минуттан артық  жүруге тыйым салынады.

1.7. Абонемент сатып алынған күннен бастап  бір ай бойы жарамды.

1.8. Келуші бассейндегі мүкәммалды  кезекші  нұсқаушының рұқсатымен ғана (шеңбер, жеңдер, оқыту үшін жүзу тақтасы,) пайдалана алады.

2. Медициналық анықтамалар

2.1.Бассейнге  Келушілердің бекітілген үлгідегі   медициналық анықтамасы болуы  міндетті. Спорт мекемесінің медициналық қызметкерлерде  келушінің медициналық анықтамалардың дұрыстығына  күмән туындаса, анықтаманы тексеру мүмкіндігін өзіне қалдырады.

Жоғарыда көрсетілген талаптар суда және іргелес бөлмелерде  саңырауқұлақ және жұқпалы аурулардың болмауын қамтамасыз ету үшін белгіленген.

2.2. 12 жасқа дейінгі балалар үшін  глист жұмыртқаларына  және энтеробиоз паразитологиялық тексеру нәтижелері болуы керек.

2.3. Ересек келушілер үшін  (флюрография,дерматовенерологтан, гинеколог (әйелдер үшін), МП нәтижесі, глист жұмыртқаларының жоқтығын растайтын талдау қорытындысы, терпаевт )анықтама талап етіледі және ол 6 ай жарамды.

2.4. Медициналық персонал келушілерге қажет болған жағдайда  сыртқы тексеруді жүргізе алады

3. Өту және киіну тәртібі

3.1. Бір жолғы абонемент  медициналық анықтаманы көрсеткен кезде ғана бассейнге жіберіледі.  

3.2. Жеңілдік бойынша Спорт кешеніне келушілер жеңілдіктерді растайтын құжатты ұсыну қажет.

3.3. Келуші  басейнге кіру үшін ауысымды аяқ киімін  ауыстырып, бірінші аяқ киімін  су өткізбейтін пакетке салып, сыртқы киіммен гардеробқа тапсырады.  Санитарлық аймақта көше аяқ киіммен жүруге  ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

3.4. Абонементті тіркеу бөлімінде  тіркеуден  өткізу   қажет.

3.5. келуші киім салуга  арналған шкафтың кілтін алады, бағалы заттарын қажет болған жағдайда, тіркеу бөліміне тапсырады. Өзімен бірге суға шомылу киімін, жүзуге арналған қалпақшаны, сабын жабдықтары мен сүлгіні алып, шкафтың  жабылғанын  тексереді.

3.6. Келуші  құнды заттарды (әмиян, телефон, сақиналар, тізбектер және т.б.) кезекші әкімшінің  жанындағы сақтау камерасына тапсыруға міндетті.

3.7. Сабынмен душ қабылдағаннан кейін (5-бөлімді қараңыз) шомылу костюмін (купальник), қалпағын киып бассейнге  өтеді.

3.8. Бассейнне шыққан соң киімге арналған шкафты ашық қалдыру керек.

3.9. Кілтті гардеробқа қайтарады.

4. Суға шомылу киімге қойлатын талаптар

4.1. Бассейн аймағында  қабылданған үлгідегі шомылатын костюмдерде (әйелдер үшін —спорттық (біріктірілген купальник) шомылатын киім; ерлер үшін — спорттық плавкалар), жүзуге арналған қалпақшада (резеңке немесе мата) болуға рұқсат етіледі.

4.2. Киімдері талаптарға сәйкес келмейтін келушілер (дайвингке арналған костюм, шорт, "бермуды", бикини, футболка, душқа арналған бас киім және т.б.) бассейнге жіберілмейді

5. Жеке гигиена

5.1. Бассейнге келушінің  таза, жеңіл жуылатын ауысымды аяқ киімі болуы керек.

5.2. Бассейн  аймағына кірмес бұрын суға шомылатын костюмсіз сабынмен жуынып шығады (санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен СанЕжН нормативтері "жүзу бассейндері")

5.3. 5 минуттан артық душ қабылдауға болмайды. Суды үнемдеп  жұмсап, душ қабылдағаннан кейін суды өшіріңіз (крандарды жабу).

5.4. Себезгі және киім шешетін бөлмелерде қатаң түрде  шаштар мен тырнақтарды қырқуға, өкшелерді жақуға, сондай-ақ шашқа арналған лак қолдануға тыйым салынады.

6. Тыйым салынады:

6.1. Бассейнге алкогольдік, есірткілік масаң күйде кіруге ;

6.2. Бассейнге  атыс, газ және суық қарудың кез-келген түрі, жарылыс қауіпті, өрт қауіпті, улы және қатты иісі бар заттар (хош иістендіргіштер, аэрозольдар, шашқа арналған лактар және т. б. — ) әкелуге;

- сусындар, тамақ ,шыны ыдыс, тамақ ішуге және спирттік ішімдіктер ішуге.

6.3. Бассейнге тері ауруларының белгілері, тері жаралары мен кесінділері, кез келген медициналық таңғыштар мен лейкопластырь белгілері болған кезде кіруге;

6.4. Жүзу бассейніне Сағызбен кіруге;

6.5. Душ бөлмелеріне, бассейнде, спорт, жаттығу залдарына арнайы аяқ киімсіз кіруге;

6.6. Өз іс-әрекеттерімен басқа келушілерге кедергі жасау, айқайлау, басқа дауыстап дыбыстарды шығару, бөлу жолдарында ілініп тұруға;

6.7. Жарақаттануды болдырмау үшін бассейн аумағында жүгіруге, кезекші нұсқаушының рұқсатынсыз бассейннің ернеулерінен секіруге, жолға көлденең жүзуге, сальто секіруге, жарыс ұйымдастыруға ;

6.8. Жүзу қалпақсыз жүзуге;

6.9. Бассейнге барар алдында теріге май мен Крем сүрту.

6.11. Шылым шегуге.

6.12. Қызметтік және өзге де техникалық үй-жайларға кіруге, кез келген инженерлік-техникалық жабдықты өз бетімен реттеуге ;

6.13. Келушілерге сауықтыру және жаттығу сабақтары  кезінде жүзу бассейнінің аймағына кіруге тыйым салынады

6.14. Келушілерге бассейн аумағында жеке кәсіпкерлік қызметті жүргізуге

ТЫЙМ САЛЫНАДЫ.

7. Жауапкершілік

7.1. Келушілер " Достық "Су спорты түрлері бойынша ОБЖСМ "КММ-нің барлық мүлкі мен ғимаратына ұқыптылықпен қарау керек. Ата-аналар (немесе ресми өкілдер) балалардың осы ережелерді сақтауы үшін жауапты болады.

7.2. Келушілер бассейндегі кезекші нұсқаушының судағы қауіпсіздік шаралары мен жүріс-тұрыс ережелеріне  қатысты талаптарды  орындауға міндетті.

7.3. Спорттық-сауықтыру кешеніне бару ережелерін сақтамаған адамдарға әкімшілік одан әрі қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы. Бару ережесін бұзған адамдарды сабақтан, жаттығудан және басқа да іс-шаралардан шеттетеді және әкімшілік немесе күзет қызметкерлері спорт кешенінің аумағынан шығарады. Бұл ретте келу құны өтелмейді

7.4. Абонементтер үшінші тұлғаларға берілмейді,өзге жағдайда абонемент жойылады .

7.5. Сатып алынған абоненттер тіркелген күннен бастап бір ай ішінде әрекет етеді. Абонементтің әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін қызмет көрсетілмейді, олардың құны қайтарылмайды. Абонемент жоғалған жағдайда телнұсқа берілмейді және оның құны қайтарылмайды.

7.6. Әкімшілік сақтауға тапсырылмаған немесе қараусыз қалдырылған заттарға жауапкершілік атқармайды.

7.7.  10 жастан кіші балалар  ата анасы  немесе өздеріне жауап беретін тұлғалардың   сенімхаты арқылы жіберіледі.

Ата-аналар өз балаларының бассейніндегі  қауіпсіздік техникасы  және тәртіп ережелерінің  сақталуына жауапты болады.