Жүзу

Жүзу — берілген жүзу қашықтығын тез арада жүзіп өтуге арналған спорттың түрі. Судың астымен сөреден және борттан итерілгеннен кейін (бассейнде жүзу бағыттын ауыстырғанда) 15 метр қашықтық аралығына жүзуге болады.

Спорттық жүзу жарыстары бірнеше тәсіл бойынша өткізіледі:

еркін түрі – спортшы өзі қалаған тәсілдермен жүзе алады.

Уақыт өте келе еркін стильде жүзудің басым техникасы өзгерді:

брасс түрі ең бірінші болып пайдаланды, оны біліп тану үшін үлкен жұмысты  Николас Винман өткізді және 1853 жылы жүзу техникасы бойынша кітап шығарды;
овер-арм 19 ғасырдың ортасында пайда болды;
треджен-стиль 1873 жылы әлемге танылды, оны жүзуші Джон Артур Треджен жарыстарда көрсетіп шықты;
кроль қазірге кезде басқа еркін түрінің орын басты. Ричмонд Кэвилл алғашқы рет оны жеңу үшін пайдаланды.

Шалқалап жүзу 1900 жылы олимпиада спорты мәртебесін алды. Осы түрі пайда болған сәттен бастап спортшылар аударылып брасспен жүзуге тырысқан, бірақ кейін шалқалап жүзу кроль басым ретінде саналды. Спортшы үнемі шалқалап жүзу керек, дененің айналмалы қозғалысы көлденеңінен 90 градусты асырмауы тиіс. Стартта спортшы борттан ұстап, аяғымен итеріп тұрып арқамен жүзуді бастайды.

Брасс және баттерфляй 1904 жылы Олимпиада бағдарламасына кірді. Спортшы оның ережелерін бұзса жарыстан шығуы мүмкін.

Брасс – қолды судан шығармай су ішінде кеудемен ұзыннан жатқан қалпында қол және аяқпен симметриялы есіп жүзудің түрі.

Дельфин немесе Баттерфляй  –  жүзудің техникалық жағынан ең қиындарының және шаршататын түрлерінің бірі. Дененің сол және оң жақ бөлігі бір уақытта симметриалық қозғалыс жасайтын (қолдар жүзгіштің денесін судың үстіне көтеретін кең және мықты есулер жасаса, аяқтары мен жамбасы толқын тәріздес қимыл жасайды) ішпен жүзу стилі.

Сонымен бірге, кешенді жүзу – спортшы кезекпен төрт түрлі жүзу әдісімен жүзу тәртібі: баттерфляй, шалқалап жүзу, брасс,  еркін жүзу. Құрама эстафета – жүзу эстафетасы, оның барысында төрт қатысушы кезекпен төрт түрлі әдіспен жүзеді. Жүзу әдістерінің кезегі кешенді жүзу тәтіптерінен ерекшеленеді: шалқалап жүзу, брасс, баттерфляй, еркін жүзу.

Алғашқы дайындық топтарына қабылдау жастары: 6-7 жас