Байдарка мен каноэда есу

Байдарка мен каноэда есу — қайықпен есетін спорт түрінің бірі. Онда екі түрлі қайық: байдарка мен каноэ қолданылады. 1936 жылдан бастап олимпиадалық спорт түріне енгізілді (Алғашында 1924 жылы Олимпиада Ойындарында бейресми түрі ретінде ұсынылды). Бұл спорт түрінің жүктемесі өте ауыр, сондықтан есу спорты шаңғы, биатлон сияқты ең ауыр спорт түрлерінің қатарына жатады, сондай-ақ жас спорт түрі болып саналады.

Байдарка мен каноэда есумен ерлер де, әйелдер де айналысады. Соңғы уақытта халықаралық жарыстар бағдарламасына аралас түрлер енгізілді (микс). Бір қатысушы (жалғыз), екі қатысушы (екілік) және төрт қатысушы (төрттік) үшін қайықтар бар.

Жарыс 200 метр, 500 метр, 1000 метрге тура, сонымен қатар, қашықтық жүрісі бойынша 5000 метрге бұрылулармен әр түрлі қашықтықта өткізіледі. 2016 жылға дейін әлем чемпионатының бағдарламасына 4х200 метр қашықтықта эстафеталық жарыс кірді.

Алғашқы дайындық топтарына қабылдау жастары: 9-10 жас