2020 жылдың 1 тамызынан бастап жүзуден спорттық топтарға іріктеу үшін

Құрметті қала тұрғындары!

«Достық» су спорты түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-і 2020 жылдың 1 тамызынан бастап жүзуден спорттық топтарға іріктеу үшін

2012, 2013 Ж.Т. ЕР БАЛАЛАР МЕН ҚЫЗДАР және 2011 Ж.Т.

ЕР БАЛАЛАРДЫҢ

онлайн жазылуы жүргізілетіндігін хабарлайды.

Жазылу basseindostyk.kz сайтында жүргізіледі.

Іріктеу бойынша қосымша ақпарат (балалардың тізімі, іріктеуге келу уақыты) basseindostyk.kz сайтында және @aktobe.dostyk инстаграмм парақшасында жарияланатын болады.

Ата-аналар назарына!

Жүзуден алғашқы даярлық топтарына (АДТ-1) іріктеу кезінде жаттықтырушы баланың төмендегідей негізгі көрсеткіштеріне назар аударады:

  1. Суда өзін еркін ұстауы
  2. Икемділік
  3. Суда жылжу
  4. Төзімділік
  5. Денемен суға ұзыннан жату
  6. Қозғалыс үйлесімділігі
  7. Баланың жүзуге ынтасы (алдыңғы қатарда болуға)
  8. Назар аудара білу
  9. Дене бітімі
  10. Жылдамдық –күш қасиеттері