ЖУЗУДЕН ОЛИМПИАДАҒА ЖОЛДАМА САРАПҚА САЛЫНУДА

Ақтөбеде 22-29 қараша аралығында жүзуден ҚР чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстар 2021 жылғы ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін уақытша іріктеу нормативтерін орындау үшін ресми, біліктілік болып табылады.

Чемпионатқа ҚР облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының құрама команда қатысады. Барлығы 16 команда, 123 спортшы. пандемияға байланысты бір командаға 14 спортшыға дейін шектеу қойған. 7 әйел, 7 ер адам.

Жарыстар көрермендердің қатысуынсыз өткізіледі. Жарыс барысынан ютуб арнасы арқылы тікелей эфир көрсетіледі.

ҚР чемпионатының 2020 жылғы форматына сәйкес алдымен әйелдер арасында, одан соң ерлер арасынада өтеді.

Әйелдер арасында: 23-25 қараша аралығында; 2005 ж. т. және одан жоғары;

Ерлер арасында: 27-29 қараша аралығында . 2003 ж. т. және одан жоғары.

Жарыс қашықтығы және стилі:

Еркін стиль 50м,100,200м;

Баттерфляй 50 м,100 м ,200 м;

Арқада 50 м,100 м,200 м;

Брасс 50 м,100 м,200 м;

Кешенді жүзу 200 м ,400 м;

Еркін стиль 800 м,1500 м

Эстафеталық жүзу қашықтықтарында алдын ала және ақтық жүзу арқылы өткізіледі.

Ақтөбе облысынан жарыста 14 спортшы бақ сынайды. Чемпионатқа қатысатын спортшылардың ең үлкені 95-96 жылғы болса, ең жасы 2007 жылғы қыз. Олардың да өзіндік жоғары нәтижелері бар.