«Ақтөбе үміттері» атты жүзуден республикалық турнирі


5-7 қараша күндері «Достық» су спорты мектебінде «Ақтөбе үміттері» атты жүзуден республикалық турнирі өтті. Жарыста әр аймақтан келген барлығы 400-ден аса спортшы бақ сынасты. Оның ішінде 159 қатысушы «Достық» су спорты мектебінің оқушылары. 



Қатысушылардың жас ерекшеліктері: 2008, 2009, 2010, 2011 жылдары туылған және одан кіші жастағы ер балалар мен қыздар. Спортшылар бағдарламаға сәйкес 50, 100, 200 метр қашықтықтарға жүзу түрлерінен және эстафетадан жарысты. 
Турнир ҚР спорттық шаралар күнтізбелік жоспарына енгізілген. Дәстүрлі түрде жыл сайын Ақтөбеде өткізіліп жүр. Бұл жарыс биыл үшінші жыл ұйымдастырылуда. 



Жарыс қорытындысы бойынша «Достық» су спорты мектебінің командасы қоржынында 15 алтын, 27 күміс, 14 қола. 
Жеңімпаздар арасында Урдабаев Аян үздік нәтижеге қол жеткізді. Ол аталмыш турнирде Рудольф кестесіне сәйкес ұпай саны жағынан үшінші орынды иеленді. 
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль, кубоктармен және де арнайы сыйлықтармен марапатталды. 



0
Добавлено: 13-11-2019, 16:33
0
29

Похожие публикации


Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх