ЖҮЗУДЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ

Ақтөбедегі «Достық» су спорты орталығында 2021 жылдың 4-8 қазан күндері  жүзуден ҚР Чемпионаты өтті. Жарыстар 5, 4, 3-жас тобындағы спортшылар арасында болды.

Чемпионатқа ҚР облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары құрама командалары  қатысты. Барлығы 20 команда, 242 спортшы. Оның ішінде 156 ерлер, 86 әйелдер.

Ел біріншілігінің ашылу салтанатына Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гончаров Евгений Владимирович қатысып, спортшыларға дода алдында сәттілік тіледі.

4 күнге созылған жарыста мектебіміздің спортшылары төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:

Назарова Диана (5-жас тобы 2002ж.т. және одан жоғары) – 50м баттерфляй ІІІ орын; 4х100м еркін жүзу эстафетасында І орын; 4х50м аралас эстафетасында ІІІ орын; 50м шалқалап жүзу І орын; 4х100м аралас эстафетасында ІІ орын;

Тасжанова Диана (4-жас тобы 2003-2004жж.т.)  – 50м баттерфляй ІІ орын; 200м еркін жүзу І орын; 4х100м еркін жүзу эстафетасында І орын; 100м баттерфляй  І орын; 4х200м еркін жүзу эстафетасында  ІІІ орын; 200м баттерфляй ІІ орын; 1500м еркін жүзу І орын; 4х100м аралас эстафетасында І орын; 400м еркін жүзу І орын; 4х100м аралас эстафетасында ІІ орын;

Коваленя Глеб (5-жас тобы 2002ж.т. және одан жоғары) – 200м шалқалап жүзу ІІІ орын; 50м брасс ІІІ орын; 4х50 аралас эстафетасында  ІІІ орын; 100м шалқалап жүзу ІІ орын; 4х100м аралас эстафетасында І орын; 50м шалқалап жүзу ІІ орын; 4х100м аралас (ерлер) эстафетасында ІІ орын;

Нуржанов Кайрат – 4х50 аралас эстафетасында ІІІ орын; 4х100м аралас эстафетасында ІІ орын.