Су добынан ҚР чемпионатының І кезеңі өтті

2021 жылдың 8-10 қазан күндері Орал қаласында 2010 ж.т. және одан кіші ер балалар арасында су добынан ҚР чемпионатының І туры өтті. Жарысқа Ақтөбе, Атырау, Орал, Орал-2 командалары қатысты. Ақтөбелік ватерполшылар қарсылас командаларынан басым түсіп, 6 ұпаймен І орында келе жатыр.

Ақтөбе командасының құрамында Чевычалов Я., Маликов А., Мақсатов Ш., Сламгали Д., Жунусов А., Телибеков М., Косумбетов Б., Жоламанов Д., Криб Д., Дарыбай Б., Джангушиков А., Золотарев Я. ойнады. Жаттықтырушылары: Наумов Алексей Геннадьевич, Айтжан Ермұхамбетұлы.