Ватерполшылар ҚР «Спорт шеберлігіне үміткер» атағын алды

12 қазан күні «Достық» су спорты түрлері бойынша ОБЖСМ-де су добы бөлімінің 2008 жылы туылған спортшыларына  ҚР «Спорт шеберлігіне үміткер» атағы берілді. Оны мектеп директоры Серікбол Мұхитұлы  табыстады. Олардың қатарында: команда капитаны Сичевой Серафим, Қиваш  Даулет, Хаметқали Жанат, Есалин Халид, Жонысов Бексултан, Базарбай Ислам, Ильтызыр Саламат, Қасымбеков Адиль, Самат Диас, Жолмырзаев Айдос, Аскар Нурсултан, Абдигали Аян.   Сонымен қатар, мектеп басшылығы аталған 12 спортшыға аты-жөні жазылған жейделер сыйлады.

Спортшыларымызға алдағы ел біріншіліктері мен жарыстарда жеңіс тілейміз!